Шөпке бару

Бұл бетте «Шөпке бару» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1262
Құбатөбел әкемнің күрең аты
Сүрінбейтін жануар сірә қапы.
Шана жегіп шаңытқан сары аязда
Шөпке бару – дүниенің рахаты.
Сары аязда ай сүттей болса жарық,
Сары адырда түн аппақ шамша жанып,
Қопа қалса бір жақта қамсауланып,
Қорым қалса бір жақта қоршауланып.
Қопа менен қорымнан өткенімше,
Маған уақыт соншалық көп көрінсе.
Мен күпіге қымтанып, кіріп кетсем,
Күбір-күбір ал әкем жеткенінше...
Әкем атты доғарып «келдік» десе,
Шыбыртқысын қолға ұстап мен бүктесем.
Мая қайсы?
Мұхиттай аппақ дүние,
Күртік қарға күрпілдеп мелдіктесең.
Әкем қарын маяның ойып жатып,
Ат-шананың шанағын жайып жатып,
Шотаяқты ұстатса, әкемді аяп,
Қабырғама құйттай бір уайым батып.
Шотаяқты салғанда шөпке сосын
Бір солқ етіп жөтелсең өкпе тұсың,
Танауыңнан шөп иісі миға тарап,
Көктемдегі сезесің көкпек иісін.
Еске түсіп шөпші ауыл жазды күнгі,
Киіз үйді ойлайсың боз құрымды.
Шөмелеші шал менен сол үйдегі
Ерте ағытқан ойлайсың боз құлынды.
Сол кезде әкең:
– Тарт, – дейді, – қыл арқанды,
Тауып алып шанадан бұрау талды.
Бар күшіңді сен дағы саласың-ай,
Бойды билеп тәтті ұйқы тұрар таңғы.
Сосын ырғып мінесің шөп үстіне,
Міне, осында рахат, тегіс дүние!
Келе жатқан секілді кеме үстінде
Ұмытасың ылдиды, еңісті де.
Манағы ептеп әкеңді аяушылық
Таңғы аяздай санаңнан баяу сынып,
Жайбарақат ғажап бір күй кешесің,
Шөп аумасын білесің, шанаң сынып.
Мас боласың шөп иісі бойға тарап,
Жұлдыз санап жатасың, айға қарап.
Қорым-қопа үрейін жоның сезіп,
Қалғисың кеп ертегі, ой қамалап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөпке бару өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Шөпке бару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөпке бару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөпке бару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері