Алмасу – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Алмасу» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 919
Қайғырма, қалқам, беліңді енді бу бекем,
Қазаға қабір қара жер деген қу мекен.
Суытпай қоймас...Қырық күн қара жамылдың,
Сыңсыды дауыс: «Сорлы боп неге туды екем».
Құйқа тамырды шымыр да шымыр қасыған
Қайғыдан туған, қасіреттен туған асық ән.
Жоқтаған кезде, жоғалтқан кезде туған ба
Адамның бақыт айналып кетіп басынан?
Сыңсыды дауыс. Сыңсытты созып сорлы әйел,
Үздігіп үні үзіліп барып қалды-ай ол.
Қыршындай жігіт қиылып түссе көгінен,
Қайыспай қалай шыдасын мынау қайран ел?..
Уыздай әйел уысында жүрген алтыннан
Айрылып қалып, маңдайын соғып шарқ ұрған.
Мереке, бақыт мезгілсіз шақта мерт болды,
Арыстан – арман айына қарай талпынған.
Қайғылы қаза осы деп пе едің ел көрген,
Бұдан да бұрын мерт болған арман жерленген.
Талайлар қалған қанағат тілеп тіріге,
Талайлар қалған салауат сұрап өлгеннен.
Япырмай, бірақ санам да менің шырмалған,
Талдырмаш әйел талықсып, талып сұрланған,
Өлер-ақ деп ем, тірі екен, тірі...
Кейін мен
Жайлаудан көрдім, шығырдан және қырманнан.
Сиыр фермаға сүт алып келіп арбамен,
Ілесіп соған ілігімізге барған ем.
Жолшыбай соған жолаушы біреу кезігіп,
Қаралы жанды қажағаны үшін қарғап ем...
Қарғаппын бекер, қарғысым менің өтпеді,
Күйеуге шықты ол...Елес боп қалды өткені.
Сендер де қайта алмасады екенсіңдер ғой,
О, адамзаттың ызғарлы қысы, көктемі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмасу өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Алмасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері