Өлең, жыр, ақындар

Бақытты бол, қазағым

Бақытты бол, қазағым, қайда жүрме,
Бара алмадық көбінде тойға бірге.
Үлестіріп әркімге беретіндей,
Біздің туған өлкеміз бай ма гүлге?!

Біз бітпейміз, жат бізге ондай ұғым,
Табыстадық тарихқа тандай ұлын.
Келін түскен кең үйге кең жүрекпен
Жарасады жасасақ қандай ырым.

Мен елімнің ұнатам ер мінезін,
Көпке қызмет жасаймын жалғыз өзім.
Келін түскен үйлерден әсем үйді
Көрген емес туғалы менің көзім.

Әсем әндер жаңбыр боп төгіледі,
Бақыты көп не деген өмір еді.
Қыз ұзатып жатқан үй қызығымның
Басы болып әрқашан көрінеді.

Оянасың, ойшылым, күнмен бірге,
Көбелек боп ұшасың гүлден гүлге.
Қуанышың көп болын сенің, қазақ.
Аз көрмедің қайғыны бүл өмірде.

Туған жерді көреміз жанымыздай.
Ән бір арман, айтамыз оны бұзбай.
Әрқашанда бақытты болғын, қазақ,
Жиырмадағы жігіттей, ару қыздай.



Пікірлер (6)

алмаз

мынау неге сакталмаит

диас

Өте тамаша

Амина

Керемет

Мағжан

Өте керемет маған сөзсіз ұнады

Мағжан

өте керемет маған ұнады

Еркемай

Керемет олен

Пікір қалдырыңыз

Жайлау ғой мынау жарасқан

  • 0
  • 0

Жайлау ғой мынау жарасқан
Арал – төбе бауыры.
Төбеден неге әрі асқан
Сәулешімнің ауылы

Толық

Бола бермес бәйгеде әркім алды

  • 0
  • 1

Бола бермес бәйгеде әркім алды,
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.

Толық

Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба

  • 0
  • 3

Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба,
Қатығыңды түндегі шайқадың ба.
Құлшынасың толқындар алып қашып,
Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.

Толық

Қарап көріңіз