Аралтөбе
Бұл бетте «Аралтөбе» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алакөлде
Аралтөбе
Неге жалғыз, неге оқшау?
Жалғыз қалар
Адам-пенде,
Төбе бірақ оған тең бе?
Әттең, сыры көмексі-ау...
Неге айрылған жотадан?
Жау бөлді ме,
Жел бөлді ме,
Бөлді ме әлде басқа зіл?..
Алакөлде
Аралтөбе –
Мәңгі жаңа, мәңгі көне
Тірі ескерткіш – тас дәуір.
Қайырлаған кеме емес пе,
Майып болған дене емес пе
Мұз құрсаған заманда?
Кеме болса тұрқы мықты,
Дене болса рухы мықты
Айналғаны аралға.
Алакөлде
Аралтөбе
Жалғыз деме, бар жүзіп.
Айдындағы Жер елшісі
Ол мәңгінің көне елшісі,
Мәңгілікпен арамызға
Түсірмейік мәңгі жік!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі