Құдық – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Құдық» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 998
Торғай, сенде құдықтар көп
Шыңыраудан су тартқан.
Қара жердің жүрегінен
Қасиетімен қыл тартқан.
Қапырық түтеп шөлдегенде
Кәусарыңнан бір тартқан
Жас сәбидей қуанушы еді,
Жаңа шыққан құндақтан.
Шеменіңде тағдыр жатқан,
Шыңырауында талшық жатқан,
Тамшысында сыр жатқан,
Торғай, сенің құдықтарың
Аумайды бір жұмбақтан.
Кейде құмақ,
Кейде қырдан,
Кейде жырақ,
Құм-шағылдан
Саған жолым тірелер.
Келем саған мен қаталап,
Мейіріміңмен сен боталап,
Екеумізді тең махаббат
Мөлдіретіп жіберер.
Екеумізде бірдей шөл бар,
Бір кәусар бар,
Бірін-бірі қандырар,
Бір-біріне махаббаттай
Мәңгі ынтық,
Мәңгі іңкәр,
Мәңгі зар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдық өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Құдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері