Ақ көйлек кидің – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ақ көйлек кидің» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1180
Ақ көйлек кидің,
Көк көйлек кидің,
Ұзынын кидің, қысқарттың
Өзіңе іштей қызығып жүрдім,
Үзіліп жүрдім, іш тарттым.
Іш тарттым құлап,
Ұстарттым бірақ
Іштегі құйын сезімді.
Тізгіндеп өзім,
Тентек бір сезім
Тентіреп менен безінді.
Бойжеткен қалқам,
Ойы кеткен қалқам,
Талайдың және талайға,
Қысқартар көйлек
Ұстартар ой деп
Ойлама өмір, абайла!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері