Аян берген өзің бе едің
Бұл бетте «Аян берген өзің бе едің» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аян берген өзің бе едің,
Көрдім сені түсімде.
Жүзіңде әжім, көзіңде мұң,
Сұп-сұр сұлық пішінде.
Маған қаяу қабағыңмен
Салыңқылау қарайсың.
Айтпағымды жанарыңмен
Айтқызбай-ақ орайсың.
Үнсіз-түнсіз түсінісіп,
Үнсыз-түнсіз ұғысып.
Үнсіз сүйіп, үнсіз құшып,
Үнсіз-түнсіз суысып.
Судырлаған жібекке ұқсап,
Сыбдырлаған желге ұқсап,
Қолға ұстатпай жоқ боп кеттің
Жаһұттайын жалғыз сәт.
Жалғыз-ақ сәт!
О, тобасы,
Оның өзі түс қандай?!
Осынау дүние шекарасы
Көзден бұл-бұл ұшқандай.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі