Өтті соғыс – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Өтті соғыс» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1670
Өтті соғыс.
Зіл-заласы қалды артта,
Бас иеміз мәңгі алауға, мәңгі отқа.
Бас иеміз монументке, белгіге,
Сиреп қалған маршалдарға, солдатқа.
Бас иеміз, жесір ана, жетім ұл –
Бір шаңырақтың маздап жанған оты бұл.
Бас иеміз,
Бас иесің,
Бас иіп,
Көкірегіңе құйттай сырды тоқы бір.
Бас иеміз,
Бас иеміз бәріне,
Соғыс кәрін көрген жасқа кәріге.
Туған жерін,
Ұлы Отанын сүйгендер
Ұлы Отан соғысымен әлі де
Рухтанар,
Арқаланар,
Кектенер!
Егер балаң солай етсе «тек» деме!
Соғыстардың заңдылығын үйреткен
Өкпелесең, тек тарихқа өкпеле!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтті соғыс өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Өтті соғыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтті соғыс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өтті соғыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері