Япырмай, уақыт деген осы екен ғой
Бұл бетте «Япырмай, уақыт деген осы екен ғой» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Япырмай, уақыт деген осы екен ғой,
Балыңа, балаусаңа өш екен ғой.
Балалық – жалғыз бақыт...
Қалған ғұмыр
Балалықпен тайталас, бәсекең ғой.
Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой,
(Түс екеш түстің өзі қақтығыс қой).
Балалық – бейкүнә сәт, періште сәт,
Алғашқы және ақырғы ақтық іс қой.
Аңғармай алақаннан шашып алған
Бір уыс балалығың ақ күміс қой...
Сол күміс жылт-жылт етсе кейде бізге,
Үміттің желкені етіп келеміз бе?!
Қалмаса қорқынышты-ау бала күннің
Бір елес – бір белгісі денемізде.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі