Бұл бетте «Бақыт деп білем» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бақыт туралы өлең берілген.
Отқа да салам өзімді, суға да салам,
(Адам ба өзін суарып шыңдамаса адам?)
Өз жүрегіммен үрлеймін өз көрігімді,
Өз жүрегіммен Өзіңді бірге жасаған.
Өз көрігіммен өртеймін өзімді-өзім,
Көрігімдегі өмірім – сезім, мінезім.
Бақыт деп білем оттарға төзудің өзін,
Балқып бір барып суықты сезудің өзін.
Бақыт деп білем буланып, балқудың өзін
Бақытты кезім – балқыған әркилы кезім.
Қара темірмін, менсінбен алтынның өзін,
Алтынан гөрі қымбаттау жарқын мінезім.
Қара темірмін, сондықтан суарыламын,
От пенен суды мәңгіге мұра қыламын.
Отқа да салам өзімді, суға да салып,
Құлпырып қунап, тот баспай тұра да аламын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі