Қалқан құлақ баяғы қара бала – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қалқан құлақ баяғы қара бала» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1765
Қалқан құлақ баяғы қара бала,
Талайларға бастапты аға бола.
Айтқан сөзі, ақылы, әрекеті
Сәйкеседі сәтімен заманаға.
Қара бастың қамы емес ойлағаны,
Бес ешкі емес ысқырып айдағаны.
Бар болмысын бабымен әдіптепті
Әрекет пен астарлы ой заманы.
Емеурінді ұғып тұр ебіңнен-ақ,
Демегіңді біліп тұр деміңнен-ақ.
Азамат-ақ болғалы тұр екен-ай,
Арманына түрі бар берілген-ақ.
Қимылында бір артық әрекет жоқ,
Пиғылында пәле жоқ, пәлекет жоқ.
Келе жатқан құрақтай жаңа көктеп,
Судырлайды құрақтай және де ептеп...
Талант емес, дана емес туған асып,
Заманына бірақ та тұр жарасып.
Тап осындай көп қазір інішектер
Бір-бірінен аумайды тұлғаласып.
Өсер перзент уақытқа, заманға сай,
Заман заңын алмайды жалаң жасай.
Заман жасау адамның қолында ғой,
Заман қамын ойлайық, замандас-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалқан құлақ баяғы қара бала өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қалқан құлақ баяғы қара бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалқан құлақ баяғы қара бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қалқан құлақ баяғы қара бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері