Ауылда тудым, қалаға келдім – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ауылда тудым, қалаға келдім» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2570
Ауылда тудым, қалаға келдім,
Далалық едім, қалалық болдым.
Ортама қарай өзгердім,
Заманнан талай жаңалық көрдім,
Жаңалыққа орай жаңғырып көрдім,
Тамырын танып сезгенмін.
Заман да жылдам, адам да жылдам,
Құламай ұстап заман жалынан,
Қоғам заңынан айналдым!
Жарылған кезде заман ағынан,
Айла аспас кезде адам ойынан,
Адамға зауал – адамға сауал,
Амал барына қайранмын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері