Кеттің ұшып құс секілді

Бұл бетте «Кеттің ұшып құс секілді» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1323
Кеттің ұшып құс секілді,
Көргеніміз түс секілді,
Қорқам бірақ жоруға.
Рақаты көп тұс секілді,
Қылмысы жоқ іс секілді,
Қалқам, бірақ соңында
Суға шайған нәл секілді,
Тарағанмен, бар секілді
Денемізде дағы әлі.
...Түн түндігін қанша түрді,
Қайта еңкейді, қанша өкінді,
Жазды уақыт жараны.
Құс секілді қайта қондың,
Қайта қондың, қайда қондың?..
Қайран өмір қақтығыс.
Қырды шарлап, ойда жүрдің,
Тәлкегін-ай, тәйірі, өмірдің,
Тәтті дүниең – тәтті түс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері