Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай

Бұл бетте «Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1296
Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай,
Уақыт сені де жіпсіз байлағанын-ай.
Өмірге опынушы едің, опасыз жалған
Осқылап «бет-жүзің» демей ойнағанын-ай...
Өмірге опынушы едің, беу, қарағым-ай,
Тәніңді тәттісіменен аулағанын-ай.
Санаңды ащысыменен тұздықтағаны-ау,
Сөйлеуші ең «әйге» қарамай, «шайға» қарамай.
Санаңды ащысыменен тұздықтаған-ау,
Мән бермей қарайсың түрлі қызыққа мынау,
Шашыңа ақ кірген сайын аяусыз уақыт
Аяулы сезімдеріңді сүзіп қалады-ау.
Аяулы сезімдеріңді сүзіп қалады-ау,
Жүректе күрмеу де күрмеу үзік қалады-ау...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері