Ертіс пен Есіл
Бұл бетте «Ертіс пен Есіл» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара бір көздер еңіреген,
Егілсе кешу туған.
Дала бір кезде еміренген
Ертіс пен Есіл туған.
Ертіс, Есіл – екі өзен,
Екеуі де ерке өзен.
Тасыған жыл – шипа өзен,
Тасымаса – дерт өзен.
Сарыарқа жайлы мекені,
Тасиды жылда екеуі.
Қатып бір қалған шерменде –
Құяды келіп көлдерге.
Тобарсып, тозып тұрғанда
Толқын боп жетті құмдарға.
Дала сан ғасыр жасап,
Ертіс пен Есіл туған.
Тасып ап, басылмаса,
Төгіліп шашылмаса,
Өзен боп несін туған?!
Көлге құйсын, шөлге құйсын, ұрдың ба,
Тек, әйтеуір, құймаса екен құрдымға...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі