Жазады уақыт барлық жараны – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жазады уақыт барлық жараны» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1274
Жазады уақыт барлық жараны,
Оң қараса егер тағдыр қабағы.
Табылар керең сордың да амалы,
Табылар терең ордың да амалы.
Табылар жерде қардың қалауы,
Табылар перде ардың бодауы.
Табылар қиық, табылар құрақ,
Құралып кетер жанның жамауы.
Табылар үміт, табылар күдік
Тағы да мүмкін алдыңды орауы!
Жарамды жалап жолбарыс-тағдыр
Тіміскілейді тарғыл танауы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері