Жақсылық туралы жыр
Бұл бетте «Жақсылық туралы жыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,
шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,
ызғар сіңген жеріме шуақ керек,
мұқтаж оған ауыл да, астана да.
Сәулеңменен себеле үміт демін,
жер бетінен жылыссын күдіктерім.
Адамдардың сатқындық, сұмдығынан
қалжыраған жерімді жібіт менің.
Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,
қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.
Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,
қу бәрін де — соңына бұрылмасын!
Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,
қонақтасын ырыс пен табыс күнім.
Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып
қазағымның елдік пен намыс туын.
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
ынтымақтан туындар бар жақсылық!
Өте керемет... Жүректен шыққан сөздер...
керемет
Фариза апамның жүректен шыққан сөздері әрқашанда жүрекке жетеді...
Керемет
маған осы тақпаққа мелодия тауып берыныздершы
Керемет,көмегі тиді,сізге рахмет
өте керемет
өте керемет жүректен орын табатын өлеңдер
Маған Фариза әпкеміздің өлеңдері өте қатты ұнайды
Соған орай сіңлімнің есімін Фариза деп қойдым
Өте керемет өлеңдер жүректен өтеді.Фариза апамның өлеңдері жүректен шыққан
Фариза Оңғарсынованың «Жақсылық туралы жыр» өлеңі – адамгершілік пен ізгілік тақырыбын терең қозғайтын мазмұнды туынды. Ақын жақсылықтың мәнін қарапайым әрі әсерлі тілмен жеткізіп, оқырманды мейірімділікке, жанашырлыққа, шынайы адамдық қасиеттерді бағалауға үндейді.