Махаббат жасыны – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Махаббат жасыны» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1011
Әлде жаз ба еді, әлде күз бе еді,
Әлде сая ма, айдай түз бе еді?
Жалғыз білерім – әйел жынысы,
Әлде келіншек, әлде қыз ба еді?!
Әлде құштым ба, әлде қаймықтым,
Ашып айтар ем, әттең-ай, ұмыттым...
Майып еттің махаббат күркірі,
Қара жер сияқты мен жасын жай жұттым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері