Революционер – Қарлығаш Қабай

Бұл бетте «Революционер» атты Қарлығаш Қабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түнде жорылған түсің секілді,
немесе
Үстел басында қапсырылған тізеңдей,
табалдырық басқан бала мен босағаны керген қолдардай,
жұма күні жуылған кірің мен сейсенбіде бастаған шаруаңдай
және
терілмей қалған нан қоқымдары іспеттес
төңкерісшіл болатын ол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері