Халқым, қайран қазағым – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Халқым, қайран қазағым» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Халқым, қайран қазағым,
Қолың ашық жомартым.
Өзге елдің жұртына,
Жаны ашыған қарағым.
Өз еліңе бекем бол,
Халқыңа билік әділ бол.
Шаппасына бөтеннің,
Қазаққа ертең кепіл бол.
Қараңғыдан көз ашып,
Надандықтықтан алыс бол.
Атам қазақ айтқандай,
Кекшіл болма, текшіл бол.
Аңғал болсаң момын ел,
Қораға тығар бөтендер.
Ұрпаққа ертең жарымас.
Кіндік қаның тамған жер.
Күшке салмай әр кезде,
Санаңа ақыл, білім бер.
Намыспенен қайратты,
Теңдей ұстап жақсыға ер…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері