Арал, Каспий, Есілім қалдың құрғап – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Арал, Каспий, Есілім қалдың құрғап» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арал, Каспий, Есілім қалдың құрғап,
Қарасы ғаламаттың бітті қорлап.
Құртпақтың, жауыздықтың ең қорашы,
Адамзат кесірінен қара зарлап.

Жастығың болды саған құстан арнау,
Киімің болды саған қойдан жамау.
Пайда бар ма ой-сана, ақылыңнан,
Жойыпты тіршілікті қорғамсыз-ау.

Қорладың қара жерді, әлің жетіп,
Соңында кетерсің ғой соған сіңіп.
Ор қаздың өзіңе-өзің білмедің бе?
Өз қаныңа өзіңді тұншықтырып…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері