Түн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1191
Тас төбеден үркер әлі аумай-ақ,
Самал соқты селқос тұрған тауды аяп.
Сердір шалғын арасына шық ұйып,
Сылбыр құмға жатыр құнын саудалап.
Анда-санда саңқ-саңқ еткен қырғидың
Дауысы ғана шатқалдарға ырғиды.
Ойлы аспаннан оймақтай боп бір жұлдыз
Ойнап шығып көкжиекке сүңгиді.
Мына түнге тұра алмайсың сүйінбей,
Мұндай түнді «мен тудым» деп тұр шілде.
Күн қақты құм жыбырлатты мұрынды.
Қоламтаға піскен нанның иісіндей.
Мақпал емес, мауыты емес жоқ сонда,
Бұл қандай түн, жарық та емес ақ шамдай.
Жер ошақта жанған оттың түтіні
Көрінбейді, түннің түсі тап сондай.
Бір дыбыс жоқ бұл маңайда енді артық,
Түн құшағын тоңазытты жел шалқып.
...Күрең бие құлынынан қыр жақта
Айырылып қап, кісінейді жер тарпып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері