Ақ дүние – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ақ дүние» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1719
Талай да талай күн өтті,
Қарай да қарай жан-жаққа.
Ағарып атқан таң да аппақ,
Артымда қалған шаң да аппақ.
Ақ иық жерге салмақ сап,
Алдымда тұрған тау да аппақ.
Ақтара салған шарбы май,
Ақ бұлттар менен аулақтап,
Алқымы кеппей қалқиды
Алқынып жетер тауға ықтап,
Алғашқы қарлар жаулық сап,
Ағарып қапты бар қыстақ.
Ашулы бұлақ ол да ақты
Ақ көбік – бұйра жалға ұқсап.
Ақ айлар туды қылыштай
Алшыдан жатып қалғанда.
Жұлдыздар шұғыла шашқанда,
Ақ сәуле ұйып аспанда,
Ақ жалқын сәуле тарайды
Қап-қара қайсар тастан да.
Күңгіртті сырып тастауға
Ақ жарықтарға мастанба.
Жазбай-ақ жыр да, дастан да,
Ағармас бірақ шаш бар ма?
Талай да талай күн өтті
Қарай да қарай жан-жаққа.
Арман мен ойды елеп боп,
Жолдарға шықтық дедектеп.
Сорларға мүкті су құйдық
Суалмау үшін шелектеп.
Аппақ дүние көз қарып.
Адасып кетпеу керек деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ дүние өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ақ дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері