Арман төрін Алаштың анықтадың – Жанат Жаубасов

Бұл бетте «Арман төрін Алаштың анықтадың» атты Жанат Жаубасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3877
Әлихан, Ахмет, Мыржақып – үш арысым,
Үш көсемім, қазақтың ұранысың.
Екіталай айқаста жан аямай,
Көрсеттіңдер заманның тың ағысын.

Арман төрін Алаштың анықтадың,
Ойладыңдар тек қана халық қамын.
Қазақ болып туғаным қандай жақсы,
Аттарыңа жыр арнап шарықтадым.

Отаншылдық рухым артты бүгін,
Бодандықтың лақтырдық ауыр жүгін.
Арман еткен даналар Тәуелсіздік,
Көрдік бүгін дербестік азат күнін.

Ширек ғасыр болыпты ту тіккелі,
Қалды артта қиындықтың бар өткелі.
Беу, ағайын, ақталды халқымыздың,
Бірігіп жан аямай тер төккені.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері