Наурызда – Жанат Жаубасов

Бұл бетте «Наурызда» атты Жанат Жаубасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.09.2020
  • 0
  • 1
  • 1350
Ауылыма көшет тұрғыздым,
Ық болсын деп боранда.
Қасында тұрса жұлдызың
Айда уайым болар ма?

Жаныма келіп немерем,
Бір ағаш екті тағы да.
Қарсы алар ертең жыл құсын,
Айналып алма бағына.

Аңсап күткен жыл құсын,
Қуанышым жетілді.
Наурызбен менің немерем,
Бірге туған секілді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Арука

Жанат Жаубасовтың «Наурызда» өлеңі – Ұлыстың Ұлы Күніне арналған шынайы поэтикалық туынды, оған ақынның табиғат пен мерекелік көңіл‑күйге деген ерекше көзқарасы арқылы жаңару мен үміттің лебі тән.

Осы автордың басқа өлеңдері