Ұстаздарым

Бұл бетте «Ұстаздарым» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2020
  • 0
  • 0
  • 4773
Ақылмен ой-санаңа нақты ұстайтын,
Жарқырап өмір-бақи тот баспайтын.
Шамшырақ жолындағы – білім болса,
Ұстаз ол – сол білімге жол бастайтын.

Мектепке тұңғыш рет басқан қадам,
Бәйгеге сендердің ол қосқан балаң.
Білімнің басып алғаш баспалдағын,
Танып ап оң мен солын аспандағы.

Бармасаң әр баланы білімге алып,
Болады сол баланың күні кәріп.
Оқысаң көзің сонда ашылады,
Әрдайым білімдіге – дүние жарық.

Ал онсыз айта алмайсың білеп деп те,
Ап барар білімсіздік кереңдікке.
Қарасаң шығады тек білімдіден,
Ақылда да, даналық та, тереңдік те.

Сондықтан данышпан да, ақылды адам,
Ұстаздың ұлылығын мақұлдаған.
Олардың жарқырап бір лаулайтыны,
Сендерден түскен ұшқын лапылдаған.

Біз үшін білім нәрін арнадыңдар,
Қандай бір қиындыққа бармадыңдар.
«Инемен құдық қазған» ұстаздарым,
Күн болып жүректерге орнадыңдар.

Өздерің құт мекенді тұрақ еткен,
Өмірге тұлпар баптап, пырақ еткен.
Сендердей бақытты жан жоқ-ау, сірә,
Шәкірттері жер шарына тарап кеткен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаздарым өлеңінің авторы кім?

Адырбек Сопыбеков — осы өлеңнің авторы.

Ұстаздарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаздарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Адырбек Сопыбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстаздарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері