Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім – Жұматай Жақыпбаев

Бұл бетте «Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2113
Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім,
Күн мінез Ләйлә күлімдеп кезіккен едің..
Ерке жүректі, ер кеуде, ессіз құсыңның
Естімедің бе: «Ләй-лә», - деп ежіктегенін?!
Ойламай жүріп жан бар деп жалғанда керім,
Әлемнен мынау көңілім қалғанда менің
Өзіңді көріп өспірім, көзіңді көріп,
«Ақын болсам, - деп, - атақты», - армандап едім.
Жанымды жаншып жылатқан өкшең де... керім...
Басқаны көңілім баса алмай көксер менің?!
Арманым, саған атың мен затыңа лайық
Мәжнүн болып көрнекті, жетсем деп едім.
Тағдырға маған оңай бақ әперме деуші ем,
Ойлаушы ем жұрттың бәрін де әкем деп өңшең...
... Гүл ізеп жүріп күнінен айырылып қалған
Әпенде көрсең, сәлем айт, әпенде көрсең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім өлеңінің авторы кім?

Жұматай Жақыпбаев — осы өлеңнің авторы.

Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұматай Жақыпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері