Қазақша сөйлейік
Бұл бетте «Қазақша сөйлейік» атты Бодаухан Тоқанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 15.01.2024
- 0
- 0
- 1389
Аттан бала «жығылады», құламайды.
Қазақшасын теріс айтсаң,
Аталарға ұнамайды.
Атқа бала «отырмайды»,
Ерітейді, мінеді,
Теріс айтсаң,
Аталарың күледі.
Киіз үйді «құру» деме,
Тігеді,
Үй тігуді
Әжем жақсы біледі.
Киіз үйді «бұзбайды» әсте, жығады
Зерек бала бір айтқаннан ұғады.
Өз тіліңде дұрыс сөйлеу
Ана тілдің шырайы.
Дұрыс болар мұны дағы білгенің,
«Сал» демейді, түймелейді түймені,
Көзәйнекті «қадамайды», салады,
Дұрыс сөйле болу үшін саналы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі