Ол кім, бұл не? – Бодаухан Тоқанұлы

Бұл бетте «Ол кім, бұл не?» атты Бодаухан Тоқанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Мама» деме, «ана» де,
«Там» деме сен, «әне» де.
«Папа» деген – орыс сөз,
Қазақша емес, теріс сөз,
«Әке» дейді қазақша. 
Өзге тілде атасаң,
Қаласың сен мазаққа. 
«Ручка» – хат жазатын қалам ғой,
«Брат» – оның қазақшасы ағаң ғой.
«Сестра» емес, апайым де, әпке де
Ана тілді білмегенің жаман ғой. 
«Садик» деме, өзің барар бақшаны, 
«Доска» деме жазу жазар тақтаны,
Тәп-тәтті тіл анаңның ақ сүтіндей,
Алаш тілің – қазақ тілі мақтаның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері