Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім –
Жұматай Жақыпбаев
Бұл бетте «Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім,
Күн мінез Ләйлә күлімдеп кезіккен едің..
Ерке жүректі, ер кеуде, ессіз құсыңның
Естімедің бе: «Ләй-лә», - деп ежіктегенін?!
Ойламай жүріп жан бар деп жалғанда керім,
Әлемнен мынау көңілім қалғанда менің
Өзіңді көріп өспірім, көзіңді көріп,
«Ақын болсам, - деп, - атақты», - армандап едім.
Жанымды жаншып жылатқан өкшең де... керім...
Басқаны көңілім баса алмай көксер менің?!
Арманым, саған атың мен затыңа лайық
Мәжнүн болып көрнекті, жетсем деп едім.
Тағдырға маған оңай бақ әперме деуші ем,
Ойлаушы ем жұрттың бәрін де әкем деп өңшең...
... Гүл ізеп жүріп күнінен айырылып қалған
Әпенде көрсең, сәлем айт, әпенде көрсең!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі