Екеуміз екі ұдай жолды өттік – Жұматай Жақыпбаев

Бұл бетте «Екеуміз екі ұдай жолды өттік» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1922
Екеуміз екі ұдай жолды өттік,
Өрлерге жетелеп от кеуде.
Көп жанға дарыған сергектік
О, Ләйлә емге де жоқ менде.
Сонда да сен үшін көнем де,
Бұл басқа қилы бір бақ қонса.
Мен жылап жазған бір өлеңге
Күлді жұрт ішегі қатқанша.
Күлді жұрт. Қосыла күлдім мен,
Еріген секілді жеке мұң.
Сол жолы күлдім мен, білдім мен
Қайғың да қуаныш екенін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері