Қайран менің домбырам
Бұл бетте «Қайран менің домбырам» атты Aldan жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Aldan
- 23.09.2020
- 0
- 0
- 2792
Қайран менің домбырам, қазағымның
Елжіретер жүректі ғажап үнің
Сан ғасырдан бабалардан мирас болып
Күйін шерткен,думан той, базарымның
Қайран менің домбырам,сыр айтасың
Қуантасың, бір кездері мұңайтасың
Өмірдің ащысын да,тұщысын да
Жасырмай,жалтақтамай,шын айтасың
Қайран менің домбырам, күй шертесің
Қиялыма қанат беріп, серметесің
Шанағыңнан төгілген сол күйіңмен
Бесіктегі сәбиді де тербетесің
Қайран менің домбырам,төгілесің
Елдің мұңын,зарын айтып егілесің
Жырла тағы,домбырам,жырлай түсші
Әр қазағым сені тыңдап тебіренсін
Қасиетті домбырам, қазағымның
Шіркін ай,неткен нәзік,таза үнің
Жас ұрпаққа аманатпен жеткізбесем
Домбырам,мен алдыңда жазалымын.
23 қыркүйек 2020 жыл
Автор: Мұсабеков Алданыш Адамжанұлы
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі