Сұркөжек – Қажытай Ілиясұлы

Бұл бетте «Сұркөжек» атты Қажытай Ілиясұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1328
Сұқсырдай сусылдаған Сұркөжегім,
Қант жесем, қарбыз жесем, бірге жедің.
Өзіме көзің-айна, жанарымнан,
Кейде нұр, кейде күңгірт мұң көремін...
Тұмадай аласұрған саңлау іздеп,
Жанымды жегідей жеп жүрді өлеңім.
Секіріп биікке де, ұзынға да,
Шошытқан ауылдасты ізің ғана.
Арқаңа албастыдай жабысатын,
Шау тартты-ау, шұғынықтай қызыл бала!
Киелі жануар ең, түсіне еніп,
Ұлымның ұсқынына түзу қара!..
Еліктей елеңдетіп, зыттырғызып,
Қуғыншы-құмай тазы, итті үргізіп.
Ойнаттым, ойнақтаттым циркшідей,
Жатқызып, тікеңнен де тік тұрғызып
Әскердей ертуші едім бар баланы
Көргеннің көкейіне құрт кіргізіп.
Бітер ме енді сендей малға мүсін?!
Сұңқардай сұлу едің, алданышым!
Тайыңнан таңдандым-ау, құнан алмай,
Қазақтың осы өнерін жалғау үшін!
Самсаған сары қолдан шығушы едің,
Тосқауыл туғызса да жанға қысым!
Олжа алған дәулеттіден, кемерліден,
Той-топқа өрен жүйрік төнер кілең.
Соныңда құрсауынан құтқарып ең,
Лып етіп, кісі бойы кедергіден...
Тұқырып, сәл тежесем, көлденеңдеп,
Құйындай құбылатын өнерлім ең!
Пәниде қызық көп қой армандарлық,
Қазақы даналыққа қайран қалдық.
Оққағар болды ма екен ажалы ма,
Тұқымын хас тұлпардың аңғарғандық?!
Өлуші ем, өзге мінсем, аман кеттім,
Көкпармен құрық бойы жардан қарғып.
Танытып қариялар жылы кейпін,
Ауылым содан бастап «ж-жы»дейтін.
Әкем бір малын сойып, таратты елге.
Жасытып, мені де онша мүжімей, тым.
Жымиды нағашымыз сонда тұңғыш,
Қайғыдан қабақ ашып, жібімейтін.
Сол шіркін, жаныма әлі нәр береді,
Басқасы тақияма тар келеді.
«Ж-жысы»–бұл Қажытай пері-шалыс,
Қорғайтын жылқы-жыны бар, дегені.
Есейсең, ескі сурет тербейді екен,
Тірілтіп, бастан кешкен әр немені!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұркөжек өлеңінің авторы кім?

Қажытай Ілиясұлы — осы өлеңнің авторы.

Сұркөжек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұркөжек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қажытай Ілиясұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұркөжек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері