Дәужаннан Ленинге хат

Бұл бетте «Дәужаннан Ленинге хат» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1513
Жолдас Ленин екеуміз
Түйдей құрдас екенбіз.
Өмір болса екеуміз
Жүзге бірдей жетерміз.
Алыптығым - түйедей,
Қаралығым - күйедей.
Көтеремін ауырды
Ешкім демеп, сүйемей.
Жалшысымын бір байдың,
Мал мен жерден жұрдаймын.
Екі қолым сенгенім,
Ұрлық-қарлық қылмаймын.
Екі қолым сенгенім,
Өз енбегім емгенім.
Тілеп алып жемеймін
Жұрттың аяп бергенін.
Бай мінезі жұмсарды,
Қойды ашуы құрсауды.
Қалды айқайы, үйренді
Сылап-сипап жұмсауды.
Баламнан да сені артық
Көремін деп мақтайды,
Жалғыз ғана өзіңе
Сенемін деп мақтайды.
Қоралы қой еншіңе
Беремін деп мақтайды,
Үйір-үйір жылқымнан
Бөлемін деп мақтайды.
Өзара біз кеңесіп
Дедік: неткен мырзалық?
Аламын деп айтқанын
Бергенім жоқ ырзалық.
« - Алар әркім енбегін,
Олжа іздемес жеңілден,
Алмайық бай бергенін
Ақылдаспай Ленинмен».
Дедік те біз тарадық,
Жалшыда жоқ алалық,
Күткеніміз көз тігіп.
Өзің айтар даналық.
Жолдас Ленин екеуміз
Түйдей құрдас екенбіз.
Өмір болса екеуміз.
Жүзге бірдей жетерміз.
Үйсіз-күйсіз, бір басым,
Тек өзіңсің сырласым.
Жауап күткен алыстан
Жалшы Дәужан құрдасың.

1959


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәужаннан Ленинге хат өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Дәужаннан Ленинге хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәужаннан Ленинге хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәужаннан Ленинге хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері