Теңеулерден, бір теңеу туындайды – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Теңеулерден, бір теңеу туындайды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 858
Теңеулерден, бір теңеу туындайды,
Әжем талға тарысын қуырмайды.
Жапырақтар, жел соқса дауыл ұрған –
Толқынындай теңіздің шуылдайды...
Бұл дүние басында тұрмас, әлі,
Барады ұшып, қол бұлғап, «құрдас» әні.
Жапырақтар, жел соқса, билеп, толқып,
Бір-бірімен сүйісіп, сырласады.
Келіп-кетер қонақ қой ой дегенің,
Үнім шықпай қалады, кейде менің.
Ойда жоқта, осындай теңеу тауып,
Көңілімді келеді бейнелегім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері