Жаңа өмір – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Жаңа өмір» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 675
(1775)

Жүрек-ау, жүрек, мұның нең,
Сен неден сонша қысылдың?
Шошынам мына түріңнен,
Келеді соны түсінгім.
Жалындап оттай жанғаның,
Ермегің тыныш, жадыра,
Сүйгенің,
сенген арманың
Қалайша қалды әдіре?
Еліттің жап-жас көркіне,
Пида ғып жанды күнде өлдің.
Төзе алмай ләззат дертіне,
Торына түстің,
құл болдың.
Қырандай азат жарқ етіп,
Құлдықтан қалай құтылам?
Келсе де кеткім тәрк етіп,
Сол қызға сорлап тұтылам.
Аяшы дос-ау, құтқаршы,
Болдым ғой мезі мекерден;
Ортеке болып итаршы,
Жүрмін ғой билеп бекер мен.
Жалаймын сайқал табанын,
Сыйқырлы торда жүдедім.
Ауыры-ай өсек, табаның!
Сүймеші, сүйме, жүрегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері