Басы айналып құлайды бақыттан кім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Басы айналып құлайды бақыттан кім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Басы айналып құлайды бақыттан кім,
Арманы бар әрбір кеш, ақық таңның.
Кәріліктің ізі емес, беттегі әжім,
Жолы болар өткен көп уақыттардың.
Тірелмесін тоқырап, тұйыққа алдым,
Сүйіп қалдым, қалай мен ұйықтармын?
Кәріліктің шығы емес, шашымдағы ақ –
Қары болар күмістей биік таудың...
Ананы ойлап, жүргенде мынаны ойлап,
Көшіп бастан кеткендей құралай бақ.
Жас жүректің ұшқыны, ішкі сезім,
Ақ жүзімде алаулап, тұрады ойнап.
Арман-ойды алдыма шырақ етем,
Тазалықты «қайда?» деп сұрап өтем.
Бір адамға оянған құштарлығың,
Құштар етіп өмірге тұрады екен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері