Өлең, жыр, ақындар

Білмей тұрмын, жер қандай, аспан қандай

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 870
Білмей тұрмын, жер қандай, аспан қандай,
Жүрегімнің көзінен жас тамғандай.
Мынау жердің үстінде сен болмасаң,
Болар дүние қаңырап, бос қалғандай.
Жазылмаған жанында дастан бардай,
Бір өмірде, болмашы жасқанғандай.
Мынау жердің үстінде мен болмасам,
Болар саған дүние бос қалғандай.
Кірпігімнен тамғандай, тамшы жалған,
Күй төгілер толқысып тал шынардан.
Үмітімнің іліп ап ақ кептерін,
Айналып ұш, көгімді қаршыға арман.
Өмір гүлін аумаған тамшылардан,
Қар астыанан күн көзі-ау аршып алған
Біз қалмасақ, қалмайық дүниеде,
Дүниеде үміт пен, қалсын арман.
Ашылады алдымнан жолдар қашан,
Сыр сандығын түнге ашпай, таңдарға ашам.
Үміт жанып қалады, арман қалай,
Аспанымды айналған сен болмасаң,
Аспаныңды айналған мен болмасам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз қайық

  • 0
  • 0

Қамшылаған өкпек желдің өтінде
Жағалауға шағала боп жетуге
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап
Көкшіл шәйі, бұйра толқын бетінде...

Толық

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы

  • 0
  • 0

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы,
Сезім толқып ішіме кеп тұнады.
Көздерімді көзіңе қаратқызбай,
Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.

Толық

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық