Егерде – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Егерде» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1275
Қыз – Көкше, құмартады аспан күліп,
Берер ме ең биiгiңе басқанға үмiт.
Егерде Сәкенiңдей ақын болсам,
Мен-дағы жазар едiм дастан қылып.
Бiлмеймiн иыр-қиыр жол бұраң ба,
Жете алмай, биiгiнде болдырам ба?!
Егерде Тәттiмбеттей күйшi болсам,
Күмбiрлеп тұрар ма едiң домбырамда?
Канша шап, жығылмайды жолына өр тiк,
Көрген бе Құлагердiң жоны бөртiп.
Егерде Ақаныңдай серi болсам,
Жүрер ем сұлулықты соңыма ертiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері