Бұл бетте «Ақ білектер» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем, Өңімде көше кезіп жаяулаймын. Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем, Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.
Аяулым, арманды өлкем, арда мекен, Өзіңнен басқа көңіл бар ма бөтен?! Сен жайлы өлең жаза беру үшін Өзіңмен бір жасауды арман етем.
Сияқты кейде анығым – елес, Көңілді күдік көсейді. Тағдырым маған мамығын емес, Тобылғы төсек төсейді.
Астымда ақ арманым – арғымағым, Келеді жапалақтан үркіп өтіп. Тарқатып ақын көңіл бар құмарын, Ауылын өлең-қыздың дүркіретіп.
Бәйге ме?.. Құнаным бар қосылмаған, Ол түгіл, қара жарыс тосын маған. Білмеймін, аяңына қарап тұрып,
Ақындар көп сымбатты, Әрқилы тек өресі. Өлеңдерге сын қатты, Уақыт бар төреші.
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі