Гүл қоймасаң – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Гүл қоймасаң» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1075
Гүл қоймасаң, қайтемiз бiз вазаны?
Бос тұрған соң хрусталь де тозады.
Жақсылыққа толмаса,
Жүректер де сазады.
Қайғы – кермек, қуанышың – шекердей,
Бiреуiн ал, екеуiн де көтермей.
Күлмей жүрсең бiраз күн,
Көңiл кiрлеп кетердей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері