Коммунизм ұрпағымен сырласу

Бұл бетте «Коммунизм ұрпағымен сырласу» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 846
Балам менiң,
жаңа жүрiп келесiң,
Қос ғасырдың ақ сүтiн де емесiң.
Бiрақ,
бiрақ, ертеңгi күн бiреулер
Дүниеге неге келдiң демесiн.
Ол кездерде болар дәстүр, жол басқа,
Ол кездерде шекаралар болмас та.
Жер басқанның бәрi болар ағайын,
Жер басқанның бәрi айналар жолдасқа.
Бiлмессiңдер оқтың қалай даруын.
Белдiгiңде жүрмес сенiң қаруың.
Ұлы ғасыр төбесiне көтерер
Ерке туған ұланы мен аруын.
Жердiң бетiн жабар мақпал көрпе – гүл,
Ән боп шалқыр ен дүние, ерке өмiр.
Сол күндерде ұлы мұрат үшiн сен
Артыңдағы ұрпағыңды ерте бiл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Коммунизм ұрпағымен сырласу өлеңінің авторы кім?

Сайлаухан Нәкенов — осы өлеңнің авторы.

Коммунизм ұрпағымен сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Коммунизм ұрпағымен сырласу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаухан Нәкенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Коммунизм ұрпағымен сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері