Белиндаға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Белиндаға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 604
(1775)

Несіне мені шақырдың,
Салтанатты думанға?
Қызығы жастық шағымның
Өткенде шағын ұямда.
Өтті-ау түнгі, айлы шақ,
Аяда тыныш мүлгіген,—
Сәулеңмен шалқып, қиялдан
Түс көргендей зырғып-ем!
Бақытым, пәк арманым,
Елестеп бәрі түсімде —
Түнектен жайнап жанарың,
Сәулем, түстің есіме.
Шулы топта, маған жат,
Булығып түтін — жалынға,
Отырар-ем масайрап,
Болсаң сен тек жанымда!
Жоқ, көкте емес көктемім,
Гүлде де емес нұр төккен,
Менің аям — періштем,
Қайда болсаң — сен көктем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері