Өлең, жыр, ақындар

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек,
Айдарымнан бақытымның жел еспек.
Мен өзіңді есіме алсам, құс жолы
Көз алдыма тұрады ылғи елестеп.
Әрбір жолын әшекейлеп зерменен,
Құстың жолын тартсам деймін жерге мен.
Осы ойлармен жанға тыным бермеген
Айлы аспанның бесігінде тербелем.
Аймалайды бір қоңыр жел бетімді,
Жетер жерге сыбырлап тез жетуді.
Аңсау менен сағыныштан жаралған
Құстың жолы үміт жолы секілді.
Ұқсайды ол түскен ізге қанатпен,
Қанат барда, бойда сабыр-тағат кем.
Күзгі аспанның бұрымындай өрілген
Тұрам аппақ құс жолына қарап мен.
Жастығымды қалайыншы бір көріп,
Сезім деген бітпейтұғын күнделік.
Саған деген сағынышымды жібердім,
Созылған ақ құс жолымен бірге өріп.
Тазалыққа биіктегі таңданам,
Сұлулыққа қарап көзім қанбаған.
Құстың жолы күміс көпір сияқты
Көкжиекпен көкжиекті жалғаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отаным

  • 0
  • 0

Айқай сап осынау ғаламға,
Өзім боп өзіңе қол жайғам.
Өзің боп тіл қатып анам да,
Өзің боп сипаған маңдайдан.

Толық

Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала

  • 0
  • 0

Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала,
Таң атсын арамыздан арайлана.
Жаныма жақын туған, жұлдызым-ау,
Көзіме түспей келдің қалай ғана?

Толық

Үздің бе, үміт сен менен

  • 0
  • 0

Үздің бе, үміт сен менен,
Ертегім болған ертеңім.
Тербетер ерке желменен,
Жүректі нәзік желкенім.

Толық

Қарап көріңіз