Сағат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1008
Сағатымыз дөңгелек,
Жүгіретін үш тіл бар.
Таң атқанда не керек,
Қоңыраудай күшті үн бар.
Қысқа тілі тым жалқау,
Білінбейді сыбысы.
Ортаншысы самарқау,
Шықпайды оның дыбысы.
Ал кішісі тентектеу,
Сырт-сырт етіп жүгірер.
Болмасақ біз елпектеу,
Түріміз жоқ үлгерер.
Ұйықтасақ та бырылдап,
Біз тыңдаймыз сағатты.
Таң атпастан шырылдап,
Еске салар сабақты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағат өлеңінің авторы кім?

Жәди Шәкенұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сағат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәди Шәкенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері