Таудай бала – Жәди Шәкенұлы

Бұл бетте «Таудай бала» атты Жәди Шәкенұлы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1500
Алма берсем атама,
«Таудай-таудай бол!» дейді.
Алмұрт берсем апама,
«Таудай бол!» деп сөйлейді.
Таудай әлі болғам жоқ,
Кіп-кішкентай баламын.
Жотадай да бойым жоқ,
Қашан таудай боламын!?
Таудай-таудай кітапты,
Таусып-таусып оқимын.
Тау суындай тап-таза,
Ойға білім тоқимын.
Сонда ғана ел мені,
Биік тауға теңей ме?!
Ата-апам да қуанып:
«ТА-У-ДАЙ БАЛА» демей ме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таудай бала өлеңінің авторы кім?

Жәди Шәкенұлы — осы өлеңнің авторы.

Таудай бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таудай бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Таудай бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері