Ұйқас іздеу – Жәди Шәкенұлы

Бұл бетте «Ұйқас іздеу» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3250
– Өрік?
– Өрікке ұйқас көрік.
– Тағы?
– Ұйқасады көлік.
– Асық?
– Асыққа ұйқас қасық.
– Тағы?
– Сабақтан кетпе қашып.
– Маржан?
– Маржанға ұйқас арзан.
– Тағы?
– Батыр жігіт
– Тарзан.
– Балға?
– Балғаға ұйқас алға.
– Тағы?
– Өрмелей берме талға.
– Оқу?
– Оқуға ұйқас шоқу.
– Тағы?
– Білімді миға тоқу.
– Дала?
– Далаға ұйқас бала.
– Тағы?
– Ұйқасады қала.
– Нағыз?
– Нағызға ұйқас сағыз.
– Тағы?
– Суды баққа ағыз.
– Сағат?
– Сағатқа ұйқас тағат.
– Тағы?
– Жіберме істі ағат.
– Балық?
– Балыққа ұйқас халық.
– Тағы?
– Білімдінің беті жарық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқас іздеу өлеңінің авторы кім?

Жәди Шәкенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұйқас іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқас іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәди Шәкенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқас іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері