Пешене – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Пешене» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1720
Періштелер жазып отыр мықты өлең.
Мықты өлең де тәмам болар, нүктемен.
Мың нүктелер ой түзеді күтпеген,
Сөз түзеді бітпеген...
Ғажайып па?
Ал ғажайып,
Сенбеген соң, бара жатыр азайып.
Сен екеуміз бәрін қолдан жасайық!
Пешенеге жазылмаған тағдырды,
Періштенің қолынан тартып алып жазайық!
Өткен күндер-ымырт шақ!
Ымырт шақты тура қазір ұмытсақ!
Ар көтерген арқамызды дәл бүгін
Күнге тосып жылытсақ...
Кеше толған, қайта бүгін солыпты АЙ,
Өзгереді ол да ешкімнен қорықпай!
Үрейі жоқ, қанаты бар тағдырлас,
Қайда жүрсің маған осы жолықпай?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері