Ақпарға семірген атжалмандар

Бұл бетте «Ақпарға семірген атжалмандар» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қыстың суығында,
Үйдің ығында
Қызыл қасқа баспақ тұр еді,
Жүре алмай ақсап тұр еді.
Оған атжалман кез болды,
Жай-жағдай сөз болды.

— Қолбыраған кәнің ғана қалыпты,
Анығын айтқанда өлу ғана қалыпты.
— Оның рас, — деді баспақ,
Аяқ болса ақсақ,
Жатқан жер сыз болды,
Басқан жер мұз болды.
Жем мен шөп те болмады
Күзгі күдеден түк те қалмады.

— Біз, — деп қойды атжалман, —
(Белгілі ғой мақтанған)
Ішіп-жеу жағынан оңды,
"Құдайға шүкір " қонды.
Ініміз толған ақпар,
Анығын айтқанда бір-екі қап бар.
Не бір майлы қағаз бар,
Жатып жеуге жайлы қағаздар.
Онда: қазы мен қартаның,
Құрт пен малтаның
Нелер тәтті шараптың,
Нелер дәмді тамақтың,
Бәрінің де жұғыны бар,
Шампанның да тығыны бар...
Сондағы жазылған ақпар бойынша,
Менің ойымша:
Күде - күде мая,
Жүгері пая,
Сүрленген шөп те болуы керек.
Таусылмас көп те болуы керек.

— Ол өтірік ақпар,
Түгі жоқ мақтар,
Шөбі де сояу...
Ол да көз бояу...
Дей бергенде, мыртық
Бір аяғын сылтып,
Шыға беріп жығылды.
Атжалман қуысқа тығылды.
— Бүгін де мас екен.
— Ферма бастығы осы екен...

Сөз сонымен бітті,
Тышқан ініне зытты,
Баспақ бастығын күтті,
Ол тұрар емес тіпті.
Тұмсығы топыраққа тіреліпті,
Анығын айтқанда: "тірі өліпті".

Осындай ақпармен семіргендер,
Ақпарды атжалманша кеміргендер,
Айтарлықтай көп те емес.


Пікірлер (1)

Маринет

бұл өлең тамаша менімше өлеңді жаттау əр адамның моинына ілінген міндет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақпарға семірген атжалмандар өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Ақпарға семірген атжалмандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақпарға семірген атжалмандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақпарға семірген атжалмандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері