Асыл-ай
- 0
- 0
Бұл жалғанда Асылдай асыл бар ма,
Асады ғашықтығым асыл жанға, ғашық-ай.
Хор қызы да тең келмейді сені ойласам,
Ойымда жатсам-тұрсам Асыл ғана, ғаш...
Бұл бетте «Леп ұрған кейбір жігітке» атты Нұржан Наушабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер,
Жүйрік ат өрге салсаң өршеленер.
Барында қызылыңның күл де ойна,
Шамшырақ мың күн жанған бір күн сөнер.
Айт дегенде өлеңді аяр болмас.
Жамандардың сөзінде баян болмас.
Осындайда өлең айт, замандастар,
Күнде мұндай тамаша даяр болмас.
Ей, Нұржан, қаламыңды қолыңа алшы,
Тоттанып бүршік басқан көңілді аршы.
Елу үш жасқа келдің кәрі тарлан,
Қыймылда қалған жоқ па бірер тамшы.
Ақылбек Шаяхмет
Бұл жырдың атауы Леп ұрған емес, Лепірген кейбір жігітке. Араб әрпімен таңбаланған мәтінді дұрыс оқымағаннан кеткен қате.